Ішкі аудит

Халықаралық аудит стандарттары мақсаттары үшін, ішкі бақылау жүйесі (ІБЖ) ұйымның төмендегілерге қатысты кез-келген мақсаттарына қол жеткізуіне қатер туғызатын бизнес-тәуекелдерді төмендету мақсатында әзірленіп, енгізіледі және қолданылады:

  • ұйымның қаржылық есептілігінің сенімділігі;
  • оның ағымдағы қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
  • оның қолданыстағы заңдар мен ережелерді сақтауы.

ІБЖ әзірлеу, енгізу мен қолдауға деген көзқарас бизнестің ауқымына, ұйымның ұйымдық құрылымы мен қызмет ерекшеліктеріне байланысты.

 

Жоғарыда аталған ІБЖ мақсаттарына байланысты ішкі аудит қызметтеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • ІБЖ рәсімдерінің тиімділігін бақылау;
  • қаржылық және басқарушылық ақпараттарды зерттеу;
  • үнемділік, тиімділік және нәтижелілікті бақылау;
  • ҚР заңнамасының, сондай-ақ ішкі саясат және ережелер актілерінің, сақталуын бақылау;
  • ішкі саясат пен ережелер актілерін әзірлеу;
  • басқару жүйесіне ұсынылатын ақпараттың сенімділік дәрежесін бағалау;
  • есеп-төлем тәртібін бақылау;
  • ұйым мүлкінің бар болуын, жағдайын және қауіпсіздігін тексеру;
  • ішкі аудит қызметінің құзыретіне кіретін барлық аспектілер бойынша ұйым қызметкерлеріне кеңес беру;
  • қажет болған жағдайда сыртқы аудиторлармен, салық және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасау;
  • ұйым қызметкерлерінің ішкі пайдалануы үшін бухгалтерлік (салық, басқару) есепке алуды жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулықтарды дайындау;
  • және басқалар.

 

Ішкі аудит қызметін төмедегі жолдар арқылы ұйымдастыруға болады:

  • өзінің ішкі аудит қызметін құру;
  • ішкі аудиттің функцияларын (толық немесе ішінара) сыртқы кеңесшілерге беру (аутсорсинг).

 

ARBAudit толық немесе ішінара аутсорсинг шарттары негізінде ішкі аудит функцияларын орындау бойынша қызметтер көрсетеді.

Ішінара аутсорсинг ішкі аудит қызметінің жеке функцияларын орындау түрінде, сондай-ақ ІБЖ толық немесе жекелеген элементтерде орнату немесе тестілеу жүргізу түрінде жасалуы мүмкін. Мұндай аутсорсинг элементтері төмендегідей болуы мүмкін, мысалы:

- бухгалтерлік және салықтық есепке алуды тестілеу, соның ішінде, күрделі ұйымдық құрылымды компаниялар үшін, барлық құрылымдық бөлімшелерін қамтитын, Компания операцияларының басталу сәтінен бастап, оның қаржылық және (немесе) салықтық есептілікке енуіне дейінгі ақпаратты жинау және құжаттық растау процестерінің өзектілігін тексеру;

- босалқылар мен негізгі құралдарды түгендеу, соның ішінде қауіпсіздікті, мақсатты пайдалануды, активтерді тиімді пайдалануды ішкі бақылаудың жүйесін тексеру;

- сатып алу жүйесiнің заң талаптарына және iшкi ережелерге сәйкестiгiн тексеру;

- төлем тәртібін тексеру және т.б.

Ішкі аудит үшін тәуелсіз мамандарды тартудың оның ішкі қызметімен салыстырғанда негізгі артықшылықтары мыналар:

- толық тәуелсіздік, бейтараптық және шынайылық;
- әртүрлі компанияларға қызмет көрсетуде жинақталған тәжірибесі мол.

 

ARBAudit мамандары ірі бизнес компанияларға, сонымен бірге жер қойнауын пайдаланушыларға, ішкі аудит қызметін жүргізу бойынша айтарлықтай тәжірибесі бар, мысалы:

  • кен орнындарында ішкі бақылау жүйесін құру;
  • кен орындарындағы босалқылар және негізгі құралдарды есебін жүргізудің бизнес-процестерін енгізу және олар толық іске асқанға дейін ішкі бақылау аутсорсинг қызметін көрсету; 
  • кен орындарындағы босалқылар мен негізгі құралдарды түгендеу, сонымен бірге оларды сақтаудағы ішкі бақылау жүйесін тексеру, «байланысты» капиталды бақылау (өтімсіз активтер);
  • жер қойнауын пайдаланушылар үшін бухгалтерлік және салықтық құжаттар айналымын тестілеу мен қалыптастыру және т.б.