Салық төлеушіде СЕС мен салық тіркелімдерінің болуы Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талабы болып табылады.
Салық кодексінде көрсетілгендей, СЕС салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін жүргізу тәртібін белгілейтін құжат болып табылады. Сондай-ақ, салық төлеушi салық мақсатында ақпараттарды қорыту мен жүйелеудің салық тіркелімдері түріндегі нысандарын төмендегілерді қамтамасыз ету үшін айқындайды:
1) салық кезеңі ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және дәйекті ақпаратты қалыптастыруын;
2) салық есептілігі нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын;
3) салық есептілігінің дәйекті жасалуын;
4) салықтық бақылау үшін салық органдарына ақпарат берілуін қамтамасыз етілуін.
Біздің компаниямыздың мамандары әртүрлі компаниялар үшін СЕС және салықтық тіркелімдер әзірлеуде елеулі тәжірибеге ие, сонымен бірге:
Біздің компания әзірлеген СЕС мыналарға арналған:
Біз тапсырыс берушімен келісім бойынша, компанияның салық тiркелiмдерiн автоматтандыру үшін техникалық тапсырмаларды әзірлеу бойынша қызмет көрсете аламыз. Ол кезде салықтық тіркемелер (автоматты жасалуы/жүктелуі мақсатында) бухгалтерлік есеп жүйесінің шоттар жоспарымен, кодтарымен, талдауларымен байланыстырылады.
Назар аударыңыз! Бізге СЕС тапсырыс берген компаниялар үшін, егер ағымдағы жыл немесе келесі жылдың ішінде салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, СЕС жаңарту тегін. Мұндай жаңарту, тапсырыс беруші компаниянға заңнамалық өзгерістер мен толықтырулар әсер еткен СЕС тармақтарының жаңартылған нұсқасын жіберу арқылы жүзеге асырылатын болады (қажет болған жағдайда, тапсырыс берушімен алдын ала келісім бойынша, компаниянығң қызмет ету ерекшеліктері ескерілетін болады).