Қаржылық есеп саясаты
Компанияның қаржылық есеп саясатының болуы міндетті және ол ҚЕХС бойынша қаржылық есептілік дайындау, тиімді қаржылық жоспарлау және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес болудың маңызды шарты болып табылады.
Сонымен бірге, ХҚЕС - ымырашылдық сипаты бар тұжырымдамалық құжат. ҚЕХС-ның белгілі бір қағидаттары мен әдістерін қолдану кәсіби пайымдау мәселесі болып табылады. Кәсіби пайымдау дегеніміз белгісіздік жағдайында шешім қабылдауға мүмкіндік беретін барлық объективті факторларды кәсіби бағалауы болып табылады.
Сондай-ақ,ҚР салық заңнамасы (Салық кодексі) салық есебінің көптеген аспектілерінде ХҚЕС және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы ҚР заңнамасына сілтеме жасағандықтан, Қаржылық есеп саясаты үлкен маңызға ие болып отыр. Осылайша, ХҚЕС-ры, бір жағынан, салық төлеушілер мен салық органдары тарапынан олардың ережелерін бірдей түсінбеуі және іс жүзінде әртүрлі қолдануы салдарынан, салық салу жүйесінде жоғары тәуекелді аймақты тудырады. Екінші жағынан, ол салықтық жоспарлаудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Біздің мамандардың әр түрлі компаниялар (жер қойнауын пайдаланушылар, кен металлургиялық кешені, құрылыс компаниялары және басқа да ірі кәсіпкерлік субъектілері) үшін Қаржылық есеп саясатын, сондай-ақ, есепті реттейтін басқа да құжаттарды, дайындауда мол тәжірибеге ие.