Артықшылықтары

Аутсорсинг (бухгалтерлік есеп, салықтық есеп, кадрларды есепке алу, басқарушылық есеп; ішкі бақылау жүйесі) дағдарысқа қарсы тиімді шешім болып табылады.

Аутсорсинг қызметін сатып алудың артықшылығы компанияның барлық қосалқы бизнес-процестерін ұйымдастыру мен жаупкершілікті білікті кадрлары мен айтарлықтай әдістемелік және практикалық тәжірибесі, ішкі сапаны бақылау жүйесі бар кәсіби компанияға жүктеу арқылы, өзінің негізгі қызметімен айналысу мүмкіндігін іске асырудан көрініс табады.

Жоғарыда айтылғандардан бөлек, аутсорсингтің басқа да артықшылықтары мыналар (бірақ олармен шектелмейді):

  • Еңбек қатынастарымен байланысты тәуекелдерді жою;
  • Компанияның ресурстарын (қызметкерлерді, үй-жайларды, жабдықтарды және арнайы бағдарламалар, бақылаушы органдармен, сыртқы және ішкі аудиторлармен қарым-қатынас жасау уақытын) босату;
  • Адам факторы бойынша тәуекелді азайту;
  • Маманданған компания кәсіпқойлығы, қойылған бизнес-процестері, білімі мен жинақталған тәжірибесінің арқасында, функционалдық міндеттерін орындаудың сапасын арттыру;
  • Берілетін тәжірибе мен білім арқылы сатып алушы компания қызметкерлерінің құзыреттілігін арттыру;
  • Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша тәуекелдерді мамандандырылған компанияға беру;
  • Құпиялылық және қауіпсіздік.

Назар аударыңыз!  Толық бухгалтерлік және салықтық есепке алу бойынша аутсорсинг қызметін пайдаланушы шағын бизнес субъектілеріне, келісімшарттың қолданылу мерзімінде, қаржылық және салықтық есеп саясатын дайындау және оларды өзекті жағдайда ұстау тегін.