Қаржылық талдау

DUE DILIGENCE (ДЬЮ ДИЛИДЖЕНС)

Due Diligence (DD) (ағылшынша – қажетті зейін) – инвестициялық тәуекелдерді бағалау, инвестиция нысанына тәуелсіз баға беру, компания қызметін жан-жақты зерттеу және оның қаржылық жағдайы мен нарықтағы орнына кешенді түрде тексеру жүргізуді қамтитын, инвестиция нысаны жөнінде шынайы ұсыным жасау процедурасы. Әдетте, бизнесті сатып алудың, бірігу (қосылу) мәмілелерін жасаудың, компаниямен келісімшартқа қол қою мен қарым-қатынасқа түсудің алдында жасалады.

 

Қаржылық талдау  (салықтық тәуекелдер мен тиімділікті бағалауды қоса алғанда)

Қаржылық талдау шеңберінде мыналар жасалады:

  • Компанияның қаржылық есептілігін талдау;
  • Компанияның ішкі бақылау жүйесін бағалау;
  • Құжат айналымын бағалау. Компанияның табыстары мен шығыстарын растайтын құжаттардың сапасы мен толықтығын ішінара  талдау;
  • Негізгі құралдарды талдау (құрылым, амортизация саясаты, құнсыздану белгілері);
  • Аяқталмаған құрылыс нысандарының мәртебесін талдау;
  • Компанияның қаржы салымдарын талдау (құрылымы, мерзімдері, құжаттамалық растау);
  • Дебиторлық және кредиторлық қарыздарды талдау («уақыттық талдау», құрылымы);
  • Кредит келісімшарттары мен мідеттемелерді талдау: кредиторлар құрамы, алынған қаржылар көлемі, алынған кредит пен қарыздар шарттары, пайдалану мақсаты;
  • Бағалау міндеттемелерін талдау: құрамы, негіздері, есептеулері;
  • Шартты міндеттемелерді талдау (айыппұлдар, өсімпұлдар, үшінші тараптың қарыздарын қамтамасыз ету үшін берілген кепілдіктер, компанияларға қойылатын талаптар, кепілдіктер мен компания мүлкінің өзге де құқықтық ауыртпалықтары);
  • Компанияның баланстан тыс көрсетілетін активтері мен міндеттемелерін есепке алудың толықтығы мен дұрыстығын талдау;
  • Өзара байланысты тараптармен жасалған мәмілелерді талдау;
  • Әдеттегі және әдеттен тыс операцияларды қоса, бухгалтерлік есепті талдау;
  • Бекітілген қаржылық есеп саясаты мен СЕС таладау, сондай-ақ компания есебінің рәсімдерін реттейтін кез-келген ішкі құжаттарды тексеру;
  • Компанияда бар барлық маңызды салықтық тәуекелдерді, есептелмеген және (немесе) ықтимал салық міндеттемелерін анықтау, қорытындылау және мүмкіндігінше сандық түрде көрсету. Компания пайдаланбаған салықтық тиімділіктерді бағалау. Салық және өзге де бақылаушы органдардың тексеру нәтижелерін талдау;
  • Компания қызметінің ерекшеліктерінен туындауы мүмкін басқа да мәселелер.

 

Қаржылық талдаудың нәтижелері   бойынша клиентке есеп ұсынылады.