Салық аудиті

Салық аудиті (салықтық тексеру) қадағалаушы органдар тарапынан өткізілетін салықтық тексеруге  дейін қателерді анықтау және оларды уақытылы түзету мақсатындағы, компанияларының салықтық есепке алу жүйесі мен салық есептілігін тексеру болып табылады.

Салықтық тексеру нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары аясында компанияның салықты оңтайландырудағы пайдаланылмаған мүмкіндіктері, тәуекелдер мен оларды шешу жолдары жазылған ұсыныстар жасалып беріледі. Олар жеке операциялар деңгейінде де және қатар тұтастай салықтық есеп жүйесін ұйымдастыру деңгейінде де анықталады.

Салық аудиті аясында салық дауларының жағдайын талдау, сондай-ақ олардың болашағын бағалау негізінде ықтимал шешімдерді әзірлеу жүзеге асырылады.

 

Сонымен бірге, салықтық есепке алудың бухгалтерлік есеп деректері мен ҚЕХС-на негізделгенін ескере отырып, компанияның салық төлеуіне әсерін бағалау үшін, қолданылып отрырған бухгалтерлік есеп әдістемесі мен барлық тиісті ҚЕХС-на талдау жүргізіледі.

Біздің мамандарымыз әртүрлі саладағы компанияларда, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы компанияларда, салық аудитін жүргізуде мол тәжірибеге ие.

 

Салық аудиті аясында мыналар жүзеге асырылады:

 

    • Компанияның салалық сипаттамаларын, ұйымдық құрылымын, қызметінің ерекшелігін, технологиялық негізін және салық төлеушінің логистикалық тізбегін талдау;
    • Салық салу жүйесінің құрылымын талдау және компанияның салық салуына әсер ететін негізгі факторларды анықтау;
    • Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу әдістемесін тексеру;
    • Қаржы-экономикалық қатынастар жүйесіндегі құқықтық, бухгалтерлік және салықтық сараптама;
    • Салық салу мақсаттары үшін дәлелдемелі базаны қалыптастыру тұрғысынан құжат айналымы жүйесін жалпы бағалау;
    • Белгілі бір (немесе келісілген) мөлшерде операциядарды құжаттық тексеру;
    • Салықтық есептеулер мен салық есептілігін жасаудың дұрыстығын тексеру;
    • Халықаралық шарттарды қолдануды қоса алғанда, салықтық жеңілдіктерді қолданудың заңдылығын тексеру;
    • Қосымша салық есептеу, өсiмпұл мен айыппұлдар тәуекелін бағалау;
    • Заңнамалық нормалар мен қолданыстағы тәжірибеге негізделген салықтық тәуекелдерді жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;
    • Және басқалары (клиент бизнесінің салалық сипаттамаларын, ерекшелігін және ауқымын ескеретін техникалық тапсырма бойынша).

    Біздің тәжірибемізге сүйене отырып, салық аудитінің әсері ұзаққа созылатын экономикалық тиімділікке ие.  Біздің компания мамандарының қызмет көрсетуі барысында клиенттердің бухгалтерлік және салықтық қызметтегі мамандары, көбіне әртүрлі оқу бағдарламаларымен салыстыруға келмейтін, құнды оқып-үйрену әсерін алады.