Жұмыс тәртібі
Клиенттермен өзара қарым-қатынаста біз дайын үлгімен жұмыс істемейміз. Біздің міндетіміз – клиенттердің алдында тұрған мақсаттар мен мәселелерді толық түсіну және олардың шешілу жолдарын анықтау.
Клиенттің тапсырыс беруге дейінгі сатысында, келесі кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
1. Қажетті қызметтің түрі мен сипаттарын алдын ала талқылау;
2. Қызмет көрсетуді алдын-ала жоспарлау және бағау үшін анкета жіберу;
3. Алынған ақпараттарды талдау. Компания қызметінің сипатын, жұмыс көлемі мен күрделілігін жалпы бағалау. Қызметтің бағасын алдын-ала есептеу;
4. Бағалау нәтижелерін, қызмет көрсету мерзімі және уақытын талқылап келісімге келу. Қажет болған жағдайда техникалық тапсырманы нақтылау;
5. Келісімшарт жасасу.
Біз өз тәжірибеміз бен алынған ақпараттарға сүйене отырып, қызметтердің экономикалық тиімділігін шығын-пайда қатынасы тұрғысынан барынша арттыру үшін, қызмет түрін нақтылауда кеңес бере аламыз.