Қаржылық есептілік аудиті
Қаржылық есептілік аудиті – компанияның қаржылық есептілігінің барлық елеулі аспектілері бойынша белгілі бір тұжырымдама (ХҚЕС, ҰҚЕС және т.б.) негізінде дайындалғандығы туралы пікірін білдіру мақсатында тәуелсіз тексеру процедурасы.
Қазіргі кезде бизнесті жүргізуде қаржылық есептілікті білікті бағалау маңызды рөлге ие болып келе жатыр:
- компания бизнесінің адалдығы мен ашықтығы туралы қоғамның сенімділігін қалыптастыру үшін;
- компанияның акционерлері, қатысушылары, иелерінің оңтайлы шешім қабылдауы үшін;
- компания менеджментін жетілдіру үшін:
- клиенттермен, кредиторлармен, әлеуетті инвесторлармен қарым-қатынасты нығайту үшін.
Сонымен қатар, жекелеген бизнес субъектілеріне ХҚЕС сәйкес жасалған қаржылық есептіліктің аудитін жүргізу, Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптары болып табылады.
Аудитор аудит жүргізу кезінде аудит объектісі болып табылатын ақпарат маңызды бұрмалауларға ие еместігі туралы ақылға қонымды, бірақ абсолютті емес, сенім деңгейін қамтамасыз етеді. Аудиторлық есепте (қорытындыда) бұл позитивті ақылға қонымды сенімділік формасында көрініс табады.
Мұндай ақылға қонымды сенімділік – бұл аудитордың жалпы қаржылық есептілікте маңызды бұрмалаулардың жоқ екендігі туралы қорытынды жасалатын, аудиторлық дәлелдерді жинақтау концепциясы.
Біздің мамандар сізге заңнама мен Аудиттің халықаралық стандарттарының барлық талаптарын сақтай отырып, сіздің компанияңыздың қаржы-шаруашылық қызметі мен қаржылық есетілігі туралы тәуелсіз объективті пікірі білдірілетін, аудиторлық есептілікті береді.
Аудиторлық есепке қоса, компания басшылығына аудиторлық процедуралар барысында анықталған, бухгалтерлік және ішкі бақылау жүйесінің барлық елеулі кемшіліктері мен тәуекелдерін сипаттайтын, хат берілуі мүмкін.
Біздің компания мамандарының әр түрлі өнеркәсіптік саладағы компаниялардың, соның ішінде жер қойнауын пайдаланушылардың (мұнай-газ, тау-кен, уран), қаржы есептілігінің аудитын жасауда практикалық жұмыс тәжірибесі мол.