Салық есептілігін дайындау
Салық есептілігін дайындаган кезіндегі қателіктер, есеп қызметкерлерінің (салық қызметкерлерінің) жұмысын ғана емес, сонымен қатар компания менеджментінің жұмысын жоққа шығаруы мүмкін. Мұндай қателердің теріс салдары, компанияның шығыс бюджеттерінен асатын, қосымша салықтар мен айыппұлдар түрінде болуы мүмкін. Біздің мамандар, жер қойнауын пайдаланушыларды қоса алғанда, әртүрлі салалар мен ауқымдағы компаниялар үшін салық есептілігін әзірлеуде үлкен тәжірибеге ие.
Қызметтер, салық төлеушінің СЕС ережелерін ескере отырып, бухгалтерлік деректер негізінде салық есептілігін (егер клиентпен келісілген болса, салық тіркелімдерін) жасаудан тұрады. Салық төлеушi біздің қызмет көрсету барысымызда, салық есептілігін толтырған кезде келісілген шешімдерді қажет ететін, туындауы мүмкін барлық «екі ұшты» мәселелер туралы хабардар болады.
Әдетте, салық есептілігін дайындау бойынша қызмет көрсету бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеруді қамтымайды (егер басқаша келісілмесе). Дегенмен де, тапсырыс берушіге салық есептілігін дайындау үшін бухгалтерлік есеп деректерін өңдеу кезінде біздің мамандарымызға белгілі болған кез-келген мәселелер мен қателіктер хабарланатын болады.