Қаржылық есептілікті дайындау

ХҚЕС-тың талаптарына сәйкес келетін  қаржылық есептілік (бөлек немесе шоғырландырылған) дайындау бойынша қызмет көрсету, екі жақты процесс және тапсырыс берушілердің әртүрлі мамандарының ақпаратпен қамтамасыз етуде белсенділігін қажет етіп, мыналарды қамтиды:

  • Тапсырыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметі туралы жалпы ақпарат алу.
  • Клиенттің бизнесін түсіну.
  • Компанияның есеп саясатын талдау.
  • Тапсырыс берушінің бухгалтерлік есеп  деректерінен қаржылық ақпаратты жинау, жіктеу және  жинақтау.
  • Қажет болған жағдайда, бухгалтерлік есептің жеке баптарын ХҚЕС-ның талаптарына сәйкес келуі үшін турлендіру.
  • Компанияның қызметіне қатысты кез-келген белгісіздік жағдайлар туралы Тапсырыс берушінің басшылығынан растаулар алу.
  • Тапсырыс берушімен келісе отырып, міндеттемелердің есептептік бағалауында көмек көрсету.
  • Қызмет көрсету кезінде туындауы мүмкін басқа да мәселелер.

Қызмет көрсету нәтижесінде тапсырыс берушіге ХҚЕС талабына сәйкес келетін қаржы есептілігі және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деңгейіндегі түзетулер, түсіндірмелер жазылған жұмыс файлдары табысталады.