Құқықтық талдау

DUE DILIGENCE (ДЬЮ ДИЛИДЖЕНС)

DueDiligence (DD) (ағылшынша – қажетті зейін) инвестициялық тәуекелдіктерді бағалау, инвестиция нысанына тәуелсіз баға беру, компания қызметін жан-жақты зерттеу және оның нарықтағы орны мен қаржылық жағдайын кешенді тексеруді қамтитын, инвестиция нысаны жөнінде шынайы ұсыным жасау процедурасы. Әдетте, бизнесті сатып алудың, бірігу (қосылу) мәмілелерін жасаудың, компаниямен келісімшартқа қол қою мен қарым-қатынасқа түсудің алдында жасалады.

 

Құқықтық талдау

Құқықтық талдау аясында мыналар жасалады:

  • Корпоративтік басқаруды анықтайтын, құрылтайшылық және ішкі корпоративтік құжаттарды сараптау, компанияның заңдылық мәртебесін, құрылтайшылық құжаттарының заңдылығын мен жарғылық капиталының құрылуын тексеру;

  •    Компанияны басқару жүйесінің заңдылығын тексеру, компания органдарының (басқару, қадағалау органдары, орындаушы органдар, бақылау органдары және т.с.с.)  тағайындалуы мен өкілеттілік көлемінің заңдылығын бағалау. Компания акциялары бойынша негізгі мәмілелерді, акционерлер туралы мәліметтер мен олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтарын талдау;

  •  Компания органдары шешімдерінің ҚР заңнамасы талаптарына сәйкестігін тексеру;

  •  Компанияның жарғылық қоры мен меншік иелерінің өзгеруі туралы мәліметтер, олардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша мәмілелерге, компания иелері арасындағы келісімшарттарға  сараптама жүргізу;

  • Компаниялардың мүлкіне меншік құқығының рәсімделуін мен олардың ҚР заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру және жылжымайтын мүлікке меншік құқығының тіркелуін тексеру;

  • Кепіл құқықтары ауыртпалығы немесе үшінші тараптардың басқа да талаптары  бар жоғын анықтауды қоса алғанда, мүлік құқықтарын даулау тәуекелдерін тексеру;

  • Компания лицензиялары мен рұқсаттарын тексеру, оларды кері қайтару немесе тоқтату тәуекелдері;
  • Компанияларды сатып алу мәмілелері және ол кезде ҚР антимонополиялық заңнамасын қолдануға байланысты тәуекелдерді талдау;

  •  

    Зияткерлік меншік жөніндегі уәкілетті органда тіркелген компанияның тауар таңбалары, патенттер мен басқа да зияткерлік меншік нысандары бойынша құқықтық сараптама жасау және тәуекелдерді анықтау (даулау мен тіркеудің күшін жою тәуекелдерін қоса алғанда);
  •  ҚР заңнамасын бұзу және сатып алушы үшін жағымсыз салдар туу тәуекелдерін жою мақсатында, компанияның негізгі келісімшарттарына талдау жасау;
  • Еңбек заңдылығын қолдану барысындағы мүмкін болатын құқықтық тәуекелдерді жалпы бағалау;
  • Компания қызметіне байланысты туындауы мүмкін басқа да мәселелер;

Тапсырыс берушіге сараптама қорытындысы бойынша есеп беріледі.