Келісілген аудиторлық процедуралар

Келісілген аудиторлық процедуралар (арнайы тапсырма бойынша аудит) – бұл құрамы мен көлемі тапсырыс берушімен келісілген, қаржылық ақпаратқа қатысты аудиторлық сипаттағы процедуралар.

Аудитор келісілген процедураларды мыналарға қатысты орындауы мүмкін:

  • қаржылық есептіліктің жеке көрсеткіштеріне;
  • бухгалтерлік есептің белгілі бір шоттары мен баптарына;
  • басқару есебінің деректеріне;
  • активтерге (түгендеу негізінде);
  • келісім-шарттық қарым-қатынастарға;
  • басқа да қаржылық ақпаратқа.

Мұндай қызметтер мына жағдайларда қажет болуы мүмкін:

  • есептілік саясатында бекітілген, мүліктер мен міндеттемелері есепке алу әдістерінің тиімділігін талдау;
  • компанияларды қайта құруда;
  • стандартты емес шаруашылық операцияларда;
  • салық тәуекелдерін бағалауда;
  • компанияның қаржылық жағдайын бағалауда;
  • компанияның қатысушысының/ акционерінің  пайдасы үлесінің мөлшерін бағалауда;
  • компанияның  қаржылық есепбіндегі жекелеген көрсеткіштер дұрыстығы;
  • компанияның құжат айналымы дұрыстығы және/немесе тиімділігі;
  • компанияның қаржы-шаруашылық қызметінде аналитикалық көрсеткіштерді есептеу немесе растау қажеттілігінде;
  • басқарушылық есеп әдістерін бағалауда.

Қызметтер көрсету үшін, тапсырыс берушімен бірлесе отырып, келісілген процедуралардың  мақсаттары, көлемі мен сипаты, нысаны мен  жұмыс нәтижелері ұсынылатын адресат анықталған, техникалық тапсырма жасалады.

Аудитор келісілген процедуралар жүргізу кезінде  қаржылық (бухгалтерлік) есептілік пен қаржылық ақпараттың дұрыстығы туралы пікірін білдірмейтін, тек аталған фактілер сипатталған есеп береді. Есепті пайдаланушылар қаржылық ақпарат және фактілерге қатысты орындалған келісілген процедураларды өздері бағалайды, сондай-ақ, аудитордың есебіне негізделген өзіндік тұжырымдар жасайды.

Біздің компания мамандары бизнес ауқымдары мен салалары әртүрлі компаниялар үшін келісілген аудиторлық процедуралар өткізуде мол практикалық жұмыс тәжірибеге ие.