Салық аудиті (салықтық тексеру) қадағалаушы органдар тарапынан өткізілетін салықтық тексеруге дейін қателерді анықтау және оларды уақытылы түзету мақсатындағы, компанияларының салықтық есепке алу жүйесі мен салық есептілігін тексеру болып табылады.
Салықтық тексеру нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары аясында компанияның салықты оңтайландырудағы пайдаланылмаған мүмкіндіктері, тәуекелдер мен оларды шешу жолдары жазылған ұсыныстар жасалып беріледі. Олар жеке операциялар деңгейінде де және қатар тұтастай салықтық есеп жүйесін ұйымдастыру деңгейінде де анықталады.
Салық аудиті аясында салық дауларының жағдайын талдау, сондай-ақ олардың болашағын бағалау негізінде ықтимал шешімдерді әзірлеу жүзеге асырылады.
Сонымен бірге, салықтық есепке алудың бухгалтерлік есеп деректері мен ҚЕХС-на негізделгенін ескере отырып, компанияның салық төлеуіне әсерін бағалау үшін, қолданылып отрырған бухгалтерлік есеп әдістемесі мен барлық тиісті ҚЕХС-на талдау жүргізіледі.
Біздің мамандарымыз әртүрлі саладағы компанияларда, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы компанияларда, салық аудитін жүргізуде мол тәжірибеге ие.
Салық аудиті аясында мыналар жүзеге асырылады:
Біздің тәжірибемізге сүйене отырып, салық аудитінің әсері ұзаққа созылатын экономикалық тиімділікке ие. Біздің компания мамандарының қызмет көрсетуі барысында клиенттердің бухгалтерлік және салықтық қызметтегі мамандары, көбіне әртүрлі оқу бағдарламаларымен салыстыруға келмейтін, құнды оқып-үйрену әсерін алады. Қатысты мақаланы оқыныз