Қызметтің құрамы және мазмұны

 Біз клиентке аутсорсингтің оңтайлы түрін таңдауға, клиентттің өз мақсаттарына жетуі үшін төмендегі бөлімдердің функцияларын аутсорсингке беру бойынша қызметтің құрамы мен мазмұнын анықтауға көмектесеміз:

  • Бухгалтерлік есеп;
  • Салық есебі;
  • Басқару есебі;
  • Ішкі бақылау жүйесі;
  • Кадрлық есеп.

Көрсетілетін қызметттердің ауқымы бойынша аутсорсинг қызметінің келесі түрлерін ұсынуға болады:

 

  • «Ұйымдастыру жүйесі» – клиент бизнесінің ерекшеліктері мен салалық сипаттамаларына негізделген есеп жүргізу жүйесін ұйымдастыру (қайта ұйымдастыру). Операцияның басталу мезетінен оның еспетілікке қосылуына дейінгі есеп жүргізу жүйесін қалыптастыру. Есеп жүргізу жүйесін қалыптастыру шеңберінде қаржылық және салықтық есеп саясаты, регламенттер, құжаттар айналымы (ішкі құрылымдық бөлімшелердің өзара қатынастары құжаттарын қоса алғанда), лауазымдық нұсқаулықтар және т.б. Жобаны әрі қарай жүргізе алатын, клиент үшін мамандар таңдалып үйретілуі мүмкін;
  • «Ішінара» – бизнес-процестерді бөлуге негізделген. Мысалы, аутсорсингке мына қызметтер берілуі мүмкін: жалақыны есептеу, кадрлық құжаттарды жүргізу, салық есептілігін дайындау, қойма операцияларын жүргізу немесе мұқияттылықты талап ететін бухгалтерлік және салықтық есептердің жеке сегменттері (негізгі құралдар, ақша қаражаттары, босалқылар, ҚҚС, мүлік салығы және т.б.) есебін жүргізу және т.с.с.;
  • «Аралық» – өз қызметкерлерінің штаты бар тапсырыс беруші компания біздің компанияға өзінің бухгалтерлік және (немесе) салықтық бөлімшелерін басқаруға бере алады. Біздің тәжірибеміз көрсеткеніндей, мұндай басқару білім мен тәжірибелік дағдыларының деректер базасын қалыптастыруға жағдай жасайды;
  • «Толық» – бухгалтерлік (салықтық) есептің барлық функцияларын аутсорсингке беру;
  • «Кадрлар аутсорсингі (аутстаффинг)» – аяқталғаннан кейін қосымша ресурстарға қажеттілік жойылатын қысқа (немесе ұзақ) мерзімді жобаларды іске асыру үшін қажетті біліктілікке ие мамандар жіберу. Мысалы, есептіліктер жасау кезеңдерінде, инвентаризацияға қатысуға, есепті қалпына келтіруге, компания қызметкерлерінің уақытша ауыстыруға және т.б.