Қаржылық есептілікті шолу
Қаржылық есептілікті шолу – бұл аудитордың аудиторлық тексеру нәтижесінде, шолу нысаны болып табылатын ақпарат бойынша айтарлықтай бұрмаланушылықтар жоқ екендігіне сенімділік білдіру.
Қаржылық есептілікті шолу мақсаты – аудиторға, аудит жүргізуде керек болатын барлық қажетті дәлелдемелерді қамтамасыз етпейтін процедураларды жүргізу арқылы, қаржы есептілігінің қолданылатын тұжырымдамаға сәйкес барлық елеулі аспектілерде бұрмаланып дайындалмағаны жөнінде қорытынды жасау мүмкіндігін беру (шектеулі сенімділік).
Әдетте, қаржылық есептілікті шолудың еңбек шығыны мен құны аудит құнынан төмен.
Шолу жүргізу туралы келісімі шолынған ақпаратта маңызды бұрмаланушылықтар жоқ екені туралы орташа деңгейлі сенімділігін білдіру болып табылады. Бұл сенімділіктің шектеулі (негативті) формасы.
Біздің мамандар барлық заңнама және қолданылатын ХАЕ талаптарын сақтай отырып, сіздің компанияңыздың қаржылық есептілігіне шолу жүргізіп, қаржы есебі мен қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерінің дұрыстығы туралы шектеулі сенімділік формасындағы пікірін білдіретін болады.