Дата публикации: 02.10.2022 23:00
"ARBAudit Company" ЖШС Басқарушы серіктестері "ДРТ Консалтинг" ЖШС ұйымдастырған "Каспий өңірі елдеріндегі салық салу: салық салудың негізгі аспектілері мен ерекшеліктері"вебинарына спикер ретінде қатысуға шақырылды.
Аталған іс-шара барысында "ARBAudit Company" ЖШС Басқарушы серіктесі Рустам Таиров өзінің тәжірибесімен, кәсіби сараптамасымен бөлісті және "Қазақстандағы салық салу ерекшеліктері" тақырыбында сөз сөйледі, онда келесі мәселелер талқыланды:
Салық салу жүйесіндегі ҚЕХС. Қазақстандағы ҚЕХС құқықтық мәртебесі;
Көлденең мониторинг (ҚР-да енгізілуде);
2023 жылдан бастап ҚР Салық кодексіне, оның ішінде дивидендтерге салық салу бойынша елеулі өзгерістер;
ҚР салық заңнамасында талқыланатын түзетулер.


